ДӘМДІ МӘЗІР: Фарш қосылған "бөлке нан"

0
390

Мұндай бөлке нанның дәмін бұрын-соңды татып көрдіңіз бе?!


ДӘМДІ МӘЗІР: Фарш қосылған

Фарш қосылған "бөлке нан" дегенде кәдімгі нан деп ойлап қалмаңыз. Фарштың арасына жұмыртқа, ірімшік қосып дайындауға да болады.

Қажетті қоспалар:

  • 1 кг фарш
  • 3 тілім батон нан
  • ½ стақан сүт
  • 2 дана жұмыртқа
  • 1 дана пияз
  • 3 тіс сарымсақ
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш
  • 1,5 ас қасық өсімдік майы
  • 1 шай қасық насыбайгүл
  • 40 гр. кетчуп
  • 1/3 шай қасық бұрыш

Дайындалу тәсілі:

  1. Батон нанды салқын сүтке салып жібітіп қоясыз. Қабығы аршылған пиязды текшелеп турау керек.
  2. Табаға май құйып, пиязды қуырыңыз. Табаққа фаршты, қуырылған пиязды, жібітілген нанды, жұмыртқа, тұз, бұрыш, қыша, насыбайгүл, езілген сарымсақты салып, араластырасыз.
  3. Барлығын жақсылап араластырып алып, содан соң блендермен араластыру керек.
  4. Арнайы форманы майлап, блендерден өткізілген фаршты саламыз. Фаршты тығыздап салу керек, арасында ауа қалмауын қадағалаңыз. Беткі жағын да қасықпен тегістеп, қолды сулап, жағып шығуға да болады.
  5. Бетіне кетчуп жағамыз. Сосын дайын нанды 180 градусқа қыздырылған пешке салып, 60 минуттай пісіреміз. Егер нанның беткі жағы қатты қызарып кетсе , бетіне фольга қағазын жабуға болады.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Өте дәмді «маргарита» пиццасы