26 қазақстандық Омск әуежайынан шыға алмай қалды

0
652

Қазақстандық дипломаттар өз азаматтарын елге көлікпен өткізу үшін ресейлік тарапқа қажетті мәліметтерді жіберген.


26 қазақстандық Омск әуежайынан шыға алмай қалды

ERNUR.KZ. Вьетнамнан келе жатқан 26 қазақстандық Омск әуежайында қалып қойды. Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады, деп жазады Tengrinews.kz.

"Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мен Омбыдағы консулдық жергілікті әуежайдан кете алмай қалған 26 қазақстандықтың елге қайтуына көмектеседі. Олар - Нұр-Сұлтан, Павлодар және Петропавл тұрғындары. Арасында бір бала бар. Өткен түні олар Вьетнамнан келген, бірақ Қазақстанда төтенше жағдай жарияланып, көлік қозғалысына тыйым салынғандықтан елге кіре алмай қалды", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Ведомство мәліметінше, сегіз адам Нұр-Сұлтанға ертеңгі соңғы рейспен ұшуға дайын. Қалғандары көлікпен қайтуды жоспарлап отыр. Қазақстандық дипломаттар өз азаматтарын елге көлікпен өткізу үшін ресейлік тарапқа қажетті мәліметтерді жіберген.

Ал әзірше Қазақстан азаматтарына әуежайда кешкі ас, таңғы ас пен су беріледі.