42 жастағы әйел 20-шы сәбиін босанды

0
1 601

Қазір Сью мен Ноэль тек ата-ана ғана емес, ата мен әже де болған. Тұңғыш қыздарының өз балалары бар.


42 жастағы әйел 20-шы сәбиін босанды

ERNUR.KZ. 42 жастағы Британия тұрғыны 20-шы сәбиін дүниеге алып келді, деп жазады elitar.kz.

Олардың кешкі асқа бас қосқан сәтін қараңызшы! Британдық Сью Рэдфордтың 20 баласы бар. Осыдан бір жыл бұрын күйеуі екеуі 20-шы рет сәби сүйетіндерін біледі. Сол сәтте олар УДЗ суретін алып, «10 ұл, 9 қыз. Бұл сәби 20-шы болады» деген жазумен фото түсірді.

Дегенмен, ұлдар мен қыздардың саны теңеспеді, дүниеге тағы бір ұл бала келді. Сью өте қуанышты екендерін, енді осы дөңгелек цифрмен тоқтауға тырысатындарын айтуда.
Сью өзінен 4 жас үлкен жұбайы Ноэлмен 7 жасында танысқан. Жасы 14-ке келген кезде алғашқы қызын туып, Крис деп атады. Кейінірек қалған перзенттері дүниеге келді.

Бір қызығы, Сью 9-шы сәбиіне жүкті кезде күйеуі өзіне вазэктомия жасатты. Бірақ, кейін тағы сәби сүйгілері келіп, кері операция жасатады.Ерлі-зайыптылар Крис туған соң тағы 19 рет сәби сүйетіндерін ойламағандарын айтады. Бұл отбасы үкіметтен ешқандай қосымша көмек алмайды.

Отағасының тәтті нан шығаратын бизнесі бар. Бір аптада Рэдфордтар азық-түлікке 300 фунт жұмсайды. Бұған қоса туған күндерде 100 фунттан және Рождествода мол қаржы бөледі. Жыл сайын шетелде демалады.

2013 жылы бұл отбасы туралы реалити-шоу түсірілді. Сонда ерлі-зайыптылардың 16 баласы бар еді... Қазір үлкен жанұя 10 жатын бөлмесі бар, құны 240 мың фунтқа бағаланатын үлкен үйде тұрады.

Сью осы сәбилерінен бөлек тағы бір рет жүкті болған, өкінішке қарай, ол жүктілік сәтсіз аяқталды. Алфи деп ат таңдап қойылған бала 23 аптада шетінеп кетті.

Ал қазір Сью мен Ноэль тек ата-ана ғана емес, ата мен әже де болған. Тұңғыш қыздарының өз балалары бар. Үлкен отбасының барлық мүшелері бақытты өмір сүруде. Ендеше, мен де оларды ешқашан сынай алмаймын!