1 шілденің өзінде өзбекстандық 6 азаматша ұсталған.
иллюстрациялық фото: ru.sputnik.md
ERNUR.KZ. Түркияда жергілікті құқық қорғау органының арнайы операциясы кезінде Өзбекстан жерінен келген жеңіл жүрісті ондаған әйел ұсталды, деп жазады ca-news.org.
Арнайы операция Түркияның Болу, Трабзон және Аланья қалаларында өткен. Қазір екі елдің құқық қорғау органдары адам саудасына қарсы бірлесіп қызу жұмыс істеуде, деп хабарлады Түркиядағы Өзбекстан елшілігі.
Болу қалалсының құқық қорғау қызметкері Метин Караташтың айтуынша, 1 шілденің өзінде өзбекстандық 6 азаматша ұсталған.
«Олар тері-венерологиялық диспансерде тексерілді. Содан соң арнайы изоляторға орналастырылды. Елдеріне қайтарылған соң олар Түркия жеріне 5 жыл бойы кіре алмайды», - дейді ол.
Сондай-ақ, 1 шілде күні Трабзон мен Аланья қаласында да бір топ жеңіл жүрісті өзбекстандық азаматшалар ұсталған. Ұсталғандардың арасында бұрын Түркия жерінен депортацияланған әйел де болған.
Ұсталған азаматшалар туралы барлық ақпарат Түркия жеріндегі Өзбекстан елшілігіне жіберілген.
«Ұсталған әйелдердің барлығы интимді қызмет көрсету кезінде ұсталды және бәрінде өзбекстандық төлқұжат бар», - дейді Аланья қаласы қауіпсіздік қызметкері Мехмет Топал.
Оның айуынша, өзбекстандық жезөкше қыздардың ең жасы 19-да, ал ең үлкені 49 жаста.