Айдың тұтылуы ғарыштан түсірілді

0
1 541

19 қарашада XV ғасырдан бергі ең ұзақ жартылай ай тұтылуы болды.


Айдың тұтылуы ғарыштан түсірілді

ERNUR.KZ. "Роскосмос" айдың тұтылған сәтінің ғарыштан түсірілген видеосы мен фотосын жариялады, - деп жазады Tengrinews.kz.

Мемлекеттік корпорация мәліметінше, 19 қарашада XV ғасырдан бергі ең ұзақ жартылай ай тұтылуы болды. Ай Жердің көлеңкесінде 3 сағат 28 минут болды. Мәскеу уақытымен 12:04-те планетаның көлеңкесі табиғи спутниктің 0,97 пайызын жасырып тұрды.


"Роскосмос" ұсынған материалдар Халықаралық ғарыш станциясының (ХҒС) бортынан және "Аист-2Д" Жерді қашықтан зондтау шағын ғарыш аппаратынан алынды. "Әдетте ресейлік спутниктің камералары жер бетіне бағытталған, бірақ басқа да аспан денелерін түсіру үшін оның бағыты өзгереді", - деп хабарлады мемлекеттік корпорация Twitter-де.