Әйелдер 14 миллион теңге тұратын алтынды ұрлап, жұтып қойған

0
438

Әйелдер ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді, ал балалар қашып үлгерген.​


Әйелдер 14 миллион теңге тұратын алтынды ұрлап, жұтып қойған

ERNUR.KZ. Үндістанның Раджастхан қаласында полициядан қашу үшін үш әйел ұрланған зергерлік бұйымдарды жұтып қойған, деп жазады Stan.kz



Діни мереке кезінде төрт әйел мен екі баладан тұратын ұрылар тобы халықпен араласып, ғибадатханаға келушілердің мойнындағы алтын шынжырлар мен алқаларды жұлып алған. Әйелдер ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді, ал балалар қашып үлгерген.




Полицейлер ұрланған әшекей бұйымдарды әйелдердің үстінен таппай, оны жұтып қойған деп күдіктенген. Рентген сараптамасы бұл болжамды растады, жоғалған алтын тұтқындардың асқазанын табылды. Алтын бұйымдардың жалпы құны 2,5 миллион рупийге (14 млн теңге) бағаланды.