АҚШ Киевке Ресей аумағына соққы беруге рұқсат берді – БАҚ

0
235

Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін "Батыс елдерінің Украинадағы қақтығысқа тікелей қатысуы оның сипатын өзгертеді, Ресей өзіне төнген қауіп-қатерлерге негізделген шешім қабылдауға мәжбүр болады" деп мәлімдеді.

АҚШ Киевке Ресей аумағына соққы беруге рұқсат берді – БАҚ

фото: Sputnik

ERNUR.KZ. АҚШ президенті Джо Байден үш күн бұрын Украинаға Ресей аумағына соққы беру үшін ұзақ қашықтықтағы қаруды қолдануға рұқсат беру туралы шешім қабылдаған, деп жазады sputnik.kz.
"Дереккөз Байденнің шешімі туралы ақпарат Украинаға шамамен үш күн бұрын хабарланғанын айтты", - деп жазылған портал жариялаған материалда.
Сонымен қатар газетке сұхбат берген азаматтың айтуынша, Киевке ATACMS зымырандарын тек Курск облысында пайдалануға рұқсат берілген.
Бұған дейін New York Times газеті АҚШ әкімшілігінің аты-жөнін атамаған өкілдеріне сілтеме жасай отырып, АҚШ президенті Джо Байден алғаш рет Украинаның Ресей аумағына шабуыл жасау үшін америкалық алыс қашықтықтағы зымырандарды қолдануға рұқсат бергенін хабарлады.
Дереккөздердің айтуынша, Ресей аумағына алғашқы соққылар ATACMS зымырандары арқылы жасалуы мүмкін. Франция мен Ұлыбритания да Украинаға алыс қашықтықтағы қаруларын пайдаланып, Ресей аумағына соққы жасауға рұқсат берді, деп хабарлады Figaro.