Полицейлер әзірше ешкімді ұстамаған.
ERNUR.KZ. АҚШ-тың Солтүстік Каролина штаты Шарлотт қаласында атыс шығып, екі адам қаза тауып, 12 адам жарақат алған, деп жазады Тengrinews.kz.
WBTV жергілікті телеарнаның мәліметінше, бұл оқиға дүйсенбіге қараған түні болған. Полиция басқармасындағыларға көлік жүргізушінің бір адамды қағып кеткені туралы хабарланған. Оқиға орнына барған полицейлер көшеде жүздеген адамның жүргенін көрген. Сол сәтте атыс басталған.
Полиция мәліметінше, атыстан екі адам қаза тауып, жеті адам ауруханаға жеткізілген. Әзірше ешкімді ұстамаған. Кейінірек тағы бес адамның жарақат алғаны хабарланған.
Дәрігерлердің айтуынша, ауруханадағылардың жағдайы ауыр.
Ал куәгерлердің сөзіне қарағанда, жиналған халық Juneteenth мейрамын (құлдарды босату күні) тойлаған.