АҚШ-та бір тәулікте індеттен 4 470 адам қайтыс болды

0
2 337

Көптеген ауруханаларда орын тапшылығынан адамдар дәліздерде де жатыр, медициналық қызметкерлер тәулік бойы демалыссыз жұмыс істеуде.


АҚШ-та бір тәулікте індеттен 4 470 адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. АҚШ-та COVID-19 жұқтырғандар арасындағы өлім рекорды қайта жаңарды: сейсенбіде 4 470 адам қайтыс болған. Бұл пандемия басталғаннан бергі ең жоғары көрсеткіш, деп жазады baq.kz.

Көптеген ауруханаларда орын тапшылығынан адамдар дәліздерде де жатыр, медициналық қызметкерлер тәулік бойы демалыссыз жұмыс істеуде. Осыған байланысты, АҚШ-қа келушілер үшін жаңа ережелер енгізілуде: ел шекарасын өтер кезде коронавирусқа тесттің теріс нәтижесі бар анықтама қажет болады.

Канада індеттің екінші толқынын бастан кешуде. Елдің ең үлкен провинциясы - Онтарио Үкіметі тұрғындарға үйлерінен себепсіз шығуға тыйым салды. Билік денсаулық сақтау жүйесі мүмкіндіктерінің шегінде жұмыс істейтінін айтуда.

Ұлыбританияда да COVID-19 кесірінен қайтыс болған адамдар рекорды жаңартылды. Соңғы тәулікте мұнда 1 564 адам қайтыс болды. Бұл пандемия басталғаннан бергі ең жоғары тәуліктік көрсеткіш.

Шотландия үкіметі қосымша шектеу шараларын енгізіп те үлгерді. Шектеулер бірінші кезекте қажет емес тауарларды сатып алуға, сондай-ақ тамақ өнімдерін өзімен алып кету саудасы кезінде ғимарат ішінде келушілердің болуына тыйым салуына қатысты болды.


Жапонияның инфекциялық аурулар жөніндегі Ұлттық институтының ғалымдары Бразилиядан келген төрт туристтің анализінен Sars-Cov-2 коронавирусының жаңа нұсқасының белгілерін тапты. Сарапшылардың пікірінше, вирус қайтадан мутацияға ұшырған - шыбық тәрізді ақуыздың пішініне жауап беретін геномдық аймақтарында тағы бірнеше өзгерістер орын алған, оның көмегімен вирустың бөлшектері адамның жасушаларына енеді екен.