Алматыдағы марафонда қайтыс болғандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі

0
135

Қатысушылар өкпе артериясының тромбоэмболиясынан көз жұмған.


Алматыдағы марафонда қайтыс болғандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі

Фото: canva.com

ERNUR.KZ. Бұл туралы халықаралық жүгіру шарасының ұйымдастырушылары хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Қатысушылар өкпе артериясының тромбоэмболиясынан көз жұмған. Оқиға орнына келген дәрігерлер реанимациялық шаралар жасады, бірақ нәтиже болмады.

"Марафонға тіркелу кезінде қатысушылар өз денсаулығы үшін жауапкершілікті өз мойнына алатынын және дәрігерден тексеруден өткені жөнінде қолхат толтырады. Әрине, өкінішті. Біз қайтыс болған азаматтардың туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Қажетті көмекті көрсететін боламыз", – деп мәлімдеді "Алғашқы болу – батылдық" қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева.

Айта кетейік, 20 сәуір жексенбі күні Алматыда жартылай марафон өтіп, жарыс барысында 84 жастағы Аккоян Рсалиев пен 21 жастағы Нұрбол Ахмади қайтыс болды. Марқұмдар жыл сайын марафонға тұрақты қатысып келген екен.

Бүгін Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қаза тапқан марафоншылардың жақындарына көңіл айтты. Сала басшысы алдағы уақытта бұқаралық спорттың қауіпсіз әрі кәсіби деңгейде ұйымдастырылуына мән береміз деді.