Үкімет мемлекет кепілдігімен несие есебінен қаржыландырылатын жобаларды мақұлдады

0
114

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.


Үкімет мемлекет кепілдігімен несие есебінен қаржыландырылатын жобаларды мақұлдады

Фото: pixabay

ERNUR.KZ. Үкіметтің 2025 жылғы 14 сәуірдегі қаулысымен 2025 жылға арналған мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыздарды пайдалана отырып қаржыландыруға ұсынылатын жобалардың тізбесі бекітілді, деп жазады zakon.kz.

Атап айтқанда, тізімге Ислам Даму Банкі несие беруші ретінде қатысатын екі жоба кіреді:

"Климатқа төзімді су ресурстарын дамыту жобасы, 1-кезең", 1-ші транш (5 су шаруашылығы құрылыстарын салу және реконструкциялау) – жалпы құны 88 825 175 000 теңгені, мемлекеттік кепілдік – 78 166 154 000 теңгені (несие валютасына балама) құрайды.

Жобаны 2025-2045 жылдары жүзеге асыру жоспарлануда.

"Климатқа төзімді су ресурстарын дамыту жобасы, 1-кезең", 1-транш (суару желілерін қалпына келтіру, жаңғырту және салу) – жалпы құны 138 568 866 000 теңгені құрайды, мемлекеттік кепілдік – 121 940 602 000 теңгеге дейін (валюта баламасы).

Жобаны 2025-2045 жылдары жүзеге асыру жоспарлануда.

Екі жобада да қарыз алушы "Казводхоз" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып табылады.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.