23 жастағы никарагуалық модель Шейнис Паласиос 72-ші "Әлем аруы" байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлады ұйымдастырушылар.
ERNUR.KZ. Никарагуалық қатысушы Шейнис Паласиос "Әлем аруы" байқауының жеңімпазы болды. 23 жастағы Никарагуа аруына Сальвадордағы байқаудың финалында тәж табысталды, деп жазады sputnik.kz.
"Шейнис Паласиос "Әлем аруы-2023" атанды", - делінген байқаужың X әлеуметтік желісіндегі хабарламасында.
Таиланд өкілі 27 жастағы Антония Порсильд "вице-ару" атағын иеленді.
"Әлем аруы" халықаралық байқауының финалы Сальвадорда өтті. Келесі жылы ол Мексикада өтеді.