Әлемдегі ең бай адамдардың бірі қайтыс болды

0
1 154

Дэвид Кохтың табысы 50 миллиард доллардан асады деп бағаланған.


Әлемдегі ең бай адамдардың бірі қайтыс болды

ERNUR.KZ. Кәсіпкер, миллиардер, әлемдегі ең бай адамдардың бірі Дэвид Кох 79 жасында қайтыс болды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Белгілі бизнесменнің өлімі туралы ақпаратты New Yorker тілшісі Джейн Майер хабарлаған.

"Дэвид Кох пен оның отбасына жақын адамдар кәсіпкердің қайтыс болғанын айтты", - деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.

Дэвид Кох 1940 жылы туған, аға-інілерімен бірге әкесінің Koch Industries фирмасында жұмыс істей бастады.


Forbes ақпаратына сәйкес, 2018 жылдың маусым айында оның 50 миллиард доллардан астам қаражаты болған. Ал Кох әлемдегі ең бай адамдар тізімінде он бірінші орында еді.

Bloomberg 2019 жылдың тамыз айында Чарльз бен Дэвид Кохтың байлығын 124,5 миллиард долларға жетеді деп бағалады.