Әлемдегі ең қауіпсіз әуе компанияларының рейтингі жарияланды

0
683

Ең қауіпсіз әуе компаниялары рейтингіне Австралия, АҚШ, Канада, Еуропа мен Азияның бірқатар елінің тасымалдаушылары енді. Қазақстан және Ресей әуе компаниялары тізімде жоқ.


Әлемдегі ең қауіпсіз әуе компанияларының рейтингі жарияланды

ERNUR.KZ. AirlineRatings.com агенттігі әлемдегі ең қауіпсіз әуе компанияларының рейтингін жасады. Бірінші орынды 99 жылдық тарихы бар австралиялық Qantas компаниясы иеленді, деп жазады sputniknews.kz.

Агенттік сайтындағы мәлімет бойынша, сарапшылар қауіпсіз компанияларды бағалау барысында олардың жұмысын, тексерілу жиілігін, апаттар жайлы деректерді, табысын және ұшақтардың «жасын» жан-жақты зерттеген.

Топ-20: ең қауіпсіз әуе компаниялары

Қорытынды рейтинг келесідей:

  1. Qantas (Австралия);
  2. Air New Zealand (Жаңа Зеландия);
  3. EVA Air (Тайвань);
  4. Etihad (Біріккен Араб Әмірліктері);
  5. Qatar Airways (Қатар);
  6. Singapore Airlines (Сингапур);
  7. Emirates (БАӘ);
  8. Alaska Airlines (Америка Құрама Штаттары);
  9. Cathay Pacific Airways (Қытай);
  10. Virgin Australia (Австралия);
  11. Hawaiian Airlines (АҚШ);
  12. Virgin Atlantic Airlines (Ұлыбритания);
  13. TAP Portugal (Португалия);
  14. SAS (Швеция);
  15. Royal Jordanian (Иордания);
  16. Swiss (Швейцария);
  17. Finnair (Финляндия);
  18. Lufthansa (Германия);
  19. Aer Lingus (Ирландия);
  20. KLM (Нидерланды).

Ең қауіпсіз лоукостерлер ондығы. Олардың қатарына Air Arabia (БАӘ), Flybe (Ұлыбритания), Frontier (АҚШ), Hong Kong Express (Қытай), IndiGo (Үндістан), Jetblue (АҚШ), Volaris (Мексика), Vueling (Испания), Westjet (Канада) және Wizz (Венгрия) енді.