Арабтар енді талақты СМС арқылы айтады

0
1 001

Әйелдерімен ажырасқанын бетіне айтпай, смс жолдай салады.


Арабтар енді талақты СМС арқылы айтады

ERNUR.KZ. Сауд Арабиясында ерлер әйелдерімен ажырасқанын бетіне айтпай-ақ, СМС арқылы естірте алады, деп жазады sn.kz.

Яғни, ажырасу туралы сот әйелдердің қатысуынсыз өтіп, сот орындаушылары шешімді ұялы телефонға хабарлама ретінде жолдай салады.

Осылайша Саудия билігі елдегі жасырын ажырасу фактілерін тыймақшы. Атап айтқанда, бұған дейін ерлер тек талақ айтып, әйелі оны тек біраз уақыт өткеннен кейін ғана біліп жатса, енді барлығы құжатпен рәсімделуі тиіс.

Бұл бастама өз кезегінде талақ санын азайтып, ажырасқан әйелдердің заңды түрде алимент алып отыруына әкеледі дейді мамандар.