Аралдың тұзды шаңы Өзбекстан мен Түркіменстанды басып қалды

0
3 531


Аралдың тұзды шаңы Өзбекстан мен Түркіменстанды басып қалды

Тұтқиылдан соққан арынды жел Арал теңізінің тұзын ауаға көтеріп алып кетті. Алдымен Нүкіс қаласында 40 градус ыстық болды, содан кейін 20 градусқа төмендеп, жаңбырлатып соққан жел теңіздегі тұзды ұшырған. Ауаға көтерілген тұзды шаң бүкіл қалаға тарады. Адамдарға тыныс алу қиын болғандықтан бетперде киіп алды деп хабарлайды ERNUR.KZ ca-news-ке сілтеме жасап.

Адамдардың айтуынша көкке көтерілген шаң тіпті жабық терезелерден де еніп жатқан көрінеді. Шаңның құрамында тұздан басқа жылдар бойы теңіз түбіне шөгіп қалған азотты тыңайтқыштары бар екен. Ол алдымен көзді жасаурататынын айтып жатыр қала тұрғындары.

Азаттық Радиосының түркімендік қызметінің хабарлауынша осы шаңды жел Түркіменстанның Дашогуз облысына 27 мамыр күні түнгі сағат 2-де тап келіпті. Ол секундына 20 метр жылдамдықпен соққан.

Ал Өзбекстандағы тұзды-шаңды жел Хорезм, Бухара және Навои облыстарында байқалған. Бұл облыстар Түркіменстанның Лебап өңірімен шектеседі.