Мамандар бұндай құбылыс бұрын соңды ел тарихында болмаған деп отыр.
ERNUR.KZ. Термометр бағаны +40 градусқа жеткен, деп жазады 24.kz.
Сарапшылар болса, бұл ел бірнеше сағат бойы әлемдегі ең ыстық орын болып тұрғанын айтады. Электр желілеріне артық күш түскендіктен, Буэнос-Айрестің 700 мыңнан астам тұрғыны жарықсыз қалды.
Ел астанасының кейбір аудандарында ұялы байланыс үзіліп, бағдаршамдар жұмыс істемей тұр. Коронавирусқа қарсы тестілеу және вакциналау орталықтары жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Билік адамдарды күннің көзінде жүрмеуге шақыруда. Метеорологтар да ыстықтың беті әзір қайтпайды деп ескертіп отыр.
Мұнда климат қалыпты болатын, кейінгі жылдары температура көтеріле бастады. Біз мұндай ыстыққа үйрене алмай жатырмыз. Күні бойы литрлеп су ішемін. Жарық та өшіп қалған.