Армения Палестинаны ресми түрде мойындады

0
299

Армения басшылығы бұл қадам палестиналықтар мен израильдіктердің заңды тілектерін жүзеге асыруын қамтамасыз етудің жалғыз жолы екеніне сенімді екені айтылған.


Армения Палестинаны ресми түрде мойындады

ERNUR.KZ. Армения Палестинаның тәуелсіздігін мойындады. Елдің сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде Ереван халықаралық құқық пен халықтардың теңдігі, егемендігі және бейбіт қатар өмір сүру қағидаттарын ұстанатынын растайтыны айтылған, деп жазады inform.kz.

«Армения Республикасы Таяу Шығыста бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатуға, еврей және палестиналық халықтар арасында тұрақты келісім орнатуға шын ниетпен мүдделі. Біз әртүрлі халықаралық платформаларда Палестина мәселесін бейбіт және жан-жақты реттеуді, Израиль-Палестина қақтығыстарын шешудегі екі мемлекеттің принципін қолдаймыз», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Армения басшылығы бұл қадам палестиналықтар мен израильдіктердің заңды тілектерін жүзеге асыруын қамтамасыз етудің жалғыз жолы екеніне сенімді екені айтылған.