​Ата-аналардан ақша жинаған мектеп жетекшілері прокуратураға шақырту алған

0
1 419

Директорларға қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылу мүмкіндігі ескертіліп жатыр.


​Ата-аналардан ақша жинаған мектеп жетекшілері прокуратураға шақырту алған

ERNUR.KZ. Ашхабадта жаңажылдық іс-шараларға деп ата-аналардан ақша жинаған мектеп және балабақша жетекшілерін прокуратураға шақыртып жатыр.

Бұған дейін орталықтағы балабақшаларда Жаңа жыл мейрамы қарсаңында ата-аналардан 80 манаттан (23 доллар шамасында) жинап жатқаны айтылған.

"Ата-аналардың арызынан кейін Ашхабад прокуратурасы шаһардағы мектеп және балабақша жетекшілерін тергеп жатыр. Онда директорларға қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылу мүмкіндігі ескертіліп жатыр",- деп жазады "Түркіменстан хроникасы".

Басылымның мәліметіне қарағанда, балабақшаларда шыршаға Аяз ата мен Ақшақарды шақыру үшін ата-аналардан 50 манаттан, аз қамтылған отбасылардан 30 манаттан жинауды талап еткен.


Дереккөз: centralasian.org/a/