Аудан әкімінің орынбасары қызметкерінің мұрнын сындырған

0
1 331

Курбановтың сөзінше, әкім орынбасары соңына дейін тыңдамай, оны жұдырығымен ұрған.


Аудан әкімінің орынбасары қызметкерінің мұрнын сындырған

Өзбекстанның Қашқадария облысы Гузар ауданы әкімінің орынбасары Хабиб Азизов 12 сәуірде жер ресурстары және мемлекеттік кадастр жөніндегі бөлімнің маманы Фахриддин Курбановтың мұрнын сындырған,-деп хабарлайды centralasian.org.

Жәбірленушінің айтуынша, оқиғаға бірнеше адам куә.

"12 сәуірде әкім орынбасары Хабим Азизовпен бірге «Батош» ауылына бардық. Топ құрамында мен де болдым. Бір жер учаскесіне келгенде, әкім орынбасары менен "Мынау кімнің жері, бұл жерге қатысты қандай да бір шешім бар ма?" деп сұрады. Мен дәл қазір қолымда анықтайтын құжат жоқ екенін айтып, бірақ бәрін ертең әкеліп тапсырайын дедім", – дейді Фахриддин Курбанов.

Курбановтың сөзінше, әкім орынбасары соңына дейін тыңдамай, оны жұдырығымен ұрған.

"Мен шенеунікті балағаттамадым. Жаман ештеңе айтпадым. Оның жұдырығы қатты болғаны соншалықты, көзім қарауытып, есімнен танып қалдым. Мұрнымнан қан кетті. Мені қасымда тұрған адамдар тұрғызды. Мен Азизовтан неге ұрдың деп сұрап едім, ол жауап берместен, бұрылып кетіп қалды", – дейді Фахриддин Курбанов.

Жәбірленушінің айтуынша, оқиға орнында аудан прокуроры болған. Ол ешқандай шара қолданбай, жәй ғана бақылап тұрған.

Фахриддин Курбанов бірден аудандық ауруханаға барып ем алғанын, кейін үйіне оралғанын айтады. Бірақ ауруы деңдеп, ертесіне прокуратураға арызданған. "Дәрігерлер мұрның сынған дейді. Мен дәрігердің қорытындысын алып, прокуратураға тапсырамын", – дейді Курбанов.

Ал Азизовтің өзі журналистер сұрағына жауап берместен, телефон тұтқасын тастай салды.