Австрияда иттер коронавирусты анықтауға үйретіліп жатыр

0
1 177

Тәжірибелік бағдарламаға тартылған Фэнтези Форевер есімді бельгиялық овчарка дертке шалдыққан адамды бірден анықтайтындай дәржеге жеткен.


Австрияда иттер коронавирусты анықтауға үйретіліп жатыр

ERNUR.KZ. Австрияда әскери иттер коронаиврусты иіскеп білуге үйретіле бастады. Бұл туралы осы елдің Қорғаныс министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Хабар24.

Әскерилер жақсы нәтижеге де қол жеткізіп үлгерген. Тәжірибелік бағдарламаға тартылған Фэнтези Форевер есімді бельгиялық овчарка дертке шалдыққан адамды бірден анықтайтындай дәржеге жеткен. Қазір мамандар екінші итті үйретуді бастады. Ал жыл соңына дейін тағы екі салпан құлақты арнайы топқа қоспақ. Жоба үкіметтің сұрауымен қолға алынған. Мақсат - адамның төрт аяқты достарының ерекше қабілетін әуежайларда пайдалану.


- Біздің итіміз вирусты зертханадан алынған үлгілерді иіскеу арқылы үйретілген еді. Бірақ кейін дертке шалдыққан адамды иіскеткенде ол оның науқас екенін бірден анықтады, - деді әскери Отто Коппитш.