Балиде қауіпті жанартау атқылап рейстер тоқтатылды

0
177

Бали халықаралық әуежайының бас менеджері Ахмад Шауги Шахабтың айтуынша, сейсенбі күні 22 халықаралық және 12 ішкі рейс тоқтатылған, бірақ сәрсенбідегі рейстер туралы ақпарат берілмеген.


Балиде қауіпті жанартау атқылап рейстер тоқтатылды

ERNUR.KZ. Индонезияның демалыс аралына жақын маңдағы жанартау белсенділігіне байланысты бірнеше әуе компаниясы Бали бағытындағы рейстерін тоқтатты, деп жазады ulysmedia.kz.

ВВС дерегінше, Qantas, Jetstar және Virgin Australia сәрсенбіде жолаушыларға рейстердің тоқтатылғанын хабарлап, Левотоби Лаки-Лаки жанартауынан шыққан күл ұшуға қауіпті екенін айтты. Австралияның метеорология бюросы күл бұлты сәрсенбі күні елдің солтүстік аймақтарына жетуі мүмкін деп ескертті. Jetstar барлық рейстерді бейсенбі сағат 12:00-ге дейін (04:00 GMT) тоқтатты. Сол сияқты Cathay Pacific, IndiGo және AirAsia да рейстерін шегерді.

Virgin Australia да барлық Бали бағытындағы рейстерін тоқтатып, компания өкілі "Біз үшін әрқашан қауіпсіздік ең маңызды" ДЕП айтты. Singapore Airlines және оның арзан Scoot филиалы да кейбір рейстерді тоқтатқан

Бали халықаралық әуежайының бас менеджері Ахмад Шауги Шахабтың айтуынша, сейсенбі күні 22 халықаралық және 12 ішкі рейс тоқтатылған, бірақ сәрсенбідегі рейстер туралы ақпарат берілмеген.

Жанартаудың көкке ұшқан күлі Индонезиядағы басқа іс-шараларға да әсерін тигізді. Левотоби Лаки-Лаки жанартауынан 600 шақырым қашықтықтағы Лабуан Баджо қаласындағы джаз фестивалі келесі жылға шегерілді.

Индонезия орналасқан Тынық мұхитының «От сақинасында» жоғары сейсмикалық белсенділік байқалады, мұнда 130-ға жуық белсенді жанартау бар. Бұрынғы атқылаулар әуе тасымалына да әсер еткен, мысалы, 2020 жылы Мерапи жанартауынан шыққан күл Соло қаласындағы әуежайды жауып тастаған еді.