Бангладеште толассыз жаңбыр жауып, 3 млн адам баспанасыз қалды

0
446

Екі тұрғын қаза тапқан.


Бангладеште толассыз жаңбыр жауып, 3 млн адам баспанасыз қалды

ERNUR.KZ. Бангладеште толассыз жауын соңы алапат тасқынға ұласып, 3 миллиондай адам баспанасыз қалды, деп жазады Ulysmedia.kz.


Екі тұрғын қаза тапқан. Мұны осы елдің Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті. Табиғи апаттан Фени, Молвибазар және Брахманбария аудандары ең көп зардап шеккен.

Бірнеше аймаққа баратын жолдар жабылып, талай елдімекенге құтқарушылар жете алмай жатыр.

Елдің тасқындарды болжау және ескерту орталығының хабарлауынша, Бангладеште алдағы 24 сағатта жаңбыр қайта жалғасып, тағы да халықты үдере көшуге мәжбүрлеуі мүмкін.