Халықаралық өкілдің айтуынша, бүгінде дағдарыс халықтың ең осал топтарына әсер етіп, кедейшілікті, аштықты тереңдетіп, қоғамдық-саяси толқуларды қоздырып отыр.
ERNUR.KZ. Соңғы 30 жылда АӨСШК Азия елдері арасындағы маңызды диалог алаңына айналды. Бұл туралы АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің басшылары алдында сөйлеген сөзінде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш айтты, деп жазады BAQ.KZ.
Антониу Гутерриш өз сөзінде бүгінде сенім мен ынтымақтың әлсіреп бара жатқанын, сонымен бірге қақтығыстардың геосаяси шиеленісінің артып отырғанын атап өтті.
Халықаралық өкілдің айтуынша, бүгінде дағдарыс халықтың ең осал топтарына әсер етіп, кедейшілікті, аштықты тереңдетіп, қоғамдық-саяси толқуларды қоздырып отыр.
Осы аса қиын жағдайда, БҰҰ Бас хатшысы айтқандай, аймақтық ынтымақтастықты нығайту бұрынғыдан да маңыздырақ.
"Менің баяндамамда біздің ортақ күн тәртібімізде аймақтық профилактика мен аймақтық ұйымдармен өзара іс-қимылға ерекше көңіл бөлетін, бейбітшіліктің жаңа күн тәртібін талап етеді. Соңғы 30 жылда АӨСШК Азия елдері арасындағы маңызды диалог алаңына айналды", - деді Антониу Гутерриш өзінің бейне үндеуінде.
Ол сынақты бірг еңсеру керектігін айтты.
"Біз бәріміз бейбіт және гүлденген Азиядан пайда көріп отырмыз. Мен серіктестігімізге, ортақ мақсаттарымызға – тұрақты дамуды ілгерілетуге, адам құқықтарын, бейбітшілік пен тұрақтылықты ілгерілетуге, көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға ризамын. Заманымыздың сынақтарын бірге еңсеріп, Азия мен әлемнің жақсы болашағын қамтамасыз етейік. Сіздерге сәттілік тілеймін", - деді БҰҰ Бас хатшысы.
Еске сала кетейік, ел астанасында АӨСШК VI саммиті өтіп жатыр. Саммитке 11 елдің мемлекет басшылары қатысып жатыр.