Оқиғадан кейін екі адам ұсталды.
ERNUR.KZ. Франция президенті Эммануэль Макрон елдің оңтүстік-шығысындағы Дром департаментіне келген кезде белгісіз ер адам оның бетінен ұрып жіберді, деп жазады Тengrinews.kz.
Желіде тараған видеода президент оны күтіп тұрған адамдардың жанына келіп, бір ер адамның қолын алғаны, алайда ол президентті ұстап алып, екінші қолымен Макронның бетінен салып жібергені көрсетілген. Бұл оқиғадан кейін президенттің күзет қызметі келіп, медициналық маска тағып алған ер адамның қолын қайырып алып кетеді.
Елисей сарайы бұл жағдайды растаған, алайда мәселе ұруда емес, соған әрекет жасауда екенін атап өтті. Оқиғадан кейін екі адам ұсталды.