Қазір кондуктор жұмыстан шеттетілген, полиция мән-жайды тексеріп жатыр.
ERNUR.KZ. Ресейде жолаушылар автобусында болған жағымсыз оқиғаның видеосы желіде тарады, деп жазады zakon.kz.
LIFE SHOT Телеграмм-арнасының хабарлауынша, оқыс оқиға Красноярскіде болған.
Видеода кондуктор бетперде тақпаған әйелді автобустан теуіп-теуіп шығарып жібереді. Қалалық көлік басқармасындағылар соққыға жығылған әйелдің алдымен бетперде тағудан бас тартқанын, одан соң өзі кондуктордың қытығына тиетін сөздер айтқанын айтады.
Қазір кондуктор жұмыстан шеттетілген, полиция мән-жайды тексеріп жатыр.