Қалада коменданттық сағат, азаматтардың кіруі мен шығуының ерекше режимі енгізіледі.
ERNUR.KZ. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкекте төтенше жағдай режимін жариялады, деп жазады Tengrinews.kz.
"Қырғыз Республикасы Бішкек қаласының аумағында 2020 жылғы 9 қазанда сағат 20.00-ден бастап 21 қазанда сағат 08.00-ге дейінгі кезеңге төтенше жағдай режимі енгізілсін. Қырғыз Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Орозалиев Алмазбек Кыдырмайұлын Қырғыз Республикасы Бішкек қаласында төтенше жағдай режимі кезеңінде комендант (бұдан әрі - Комендант) болып тағайындалсын. Төтенше жағдайды қамтамасыз ету үшін Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында комендатура құрылсын", - делінген жарлықта.
Жарлыққа сәйкес, қалада коменданттық сағат, азаматтардың кіруі мен шығуының ерекше режимі енгізіледі.
Жеке азаматтарға белгіленген мерзімде өз үйінен (пәтерінен) немесе уақытша тұрғылықты жерінен шығуға тыйым салынады.