Бортта 59 жолаушы болған: Индонезиялық Boeing 737-500 ұшағы суға құлады

0
2 329

Судан ұшақ қирандылары мен адам денелері табылды.


Бортта 59 жолаушы болған: Индонезиялық Boeing 737-500 ұшағы суға құлады

ERNUR.KZ. Индонезиялық Boeing 737-500 жоғалып кеткен маңда теңізде ұшақ сынықтары табылды, деп жазады Tengrinews.kz.

БАҚ өкілдерінің хабарына қарағанда, Sriwijaya Air әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы суға құлаған, қиранды мен адам денелері табылды.

Джакартадан Индонезиядағы Понтианакқа ұшып бара жатқан ұшақ бір минуттан аз уақыт ішінде 10 мың футтан аса биіктік жоғалтқан. Оқиға лайнер Джакартадан шыққаннан кейін 4 минуттан соң болған.

Жергілікті газетте ұшақта 59 жолаушы, оның ішінде 5 бала мен нәресте болғаны жазылды.