Ойыншылардың тамақтануына бөлінген қаражатты клуб қызметкерлері жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
Фото: «Ақтөбе» футбол клубы
ERNUR.KZ. Облыс прокуратурасы Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша Ақтөбе футбол клубының қызметін тексерді, деп жазады inform.kz.
Тексеріс барысында «Ақтөбе» футбол клубының басшылары ойыншылардың тамағы мен әуе тасымалына бөлінген 250 млн теңгеге қаржысын мақсатты жұмсамай, жеп қойғаны анықталды.
Ойыншылардың тамақтануына бөлінген қаражатты клуб қызметкерлері жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
— Тексеру қорытындысы бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқыру), 361-бабының 4-бөлігінің 1) тармағы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) және 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (алаяқтық) бойынша 3 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, — делінген хабарламада.
Қылмыстық істер тергеп-тексеру амалдарын жүргізу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды.
Істердің тергелуі облыс прокуратурасының бақылауында.