Үлкен қаладағы дүкен менеджері мұндай қадамға өмірдегі бітпейтін проблемалардан шаршағандықтан барған.
ERNUR.KZ. Сұрқай өмір мен бітпейтін проблемалар шаршатса не істеу керек? Жауапты Англиядағы Үлкен Манчестер графтығы, Солфорд қаласының дүкен менеджері тапты. Ол адамнан итке айналмаққа бекінді, деп жазады elitar.kz.
Каз Джеймс заттарды қолдарымен емес, тістерімен ұстайды, ашуланса үре бастайды, қысқасы итке тән қылықтар жасағанды ұнатады. Ол асхана құралдарын пайдаланбай-ақ, итаяқтан ас ішеді. Джеймстің қарғыбаулары, ит бейнесіндегі бетперделері мен арнайы костюмдары бар.
Ол арнайы киімдерді сатып алуға ақша аяған емес, мысалы ол резеңкеден жасалған екі костюм үшін 400 фунт стерлинг жаратты. Канадада оның өлшемі бойынша тігілген жүннен жасалған костюм екі мың фунт стерлингке бағаланды.
Джеймс өзін алты жасынан бері ит сияқты сезініп келген. Ол өзі сияқты адамдарды кездестірмегенше ешкіммен бұл құпиясын бөліспеген.
Джеймстің «Ит» өмірі қаншалықты жақсы, ол мұнымен әзірге бөліскен жоқ. Десе де мынадай тұрлауы жоқ заманда оның жаны ақыры тыныштық тапқанына сенеміз.