Бүгін - Қырғызстанда Ұлттық аза тұту күні

0
840

Қырғызстандықтар коронавирус инфекциясынан көз жұмған адамдардың барлығын еске түсіріп, олардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтады.


Бүгін - Қырғызстанда Ұлттық аза тұту күні

ERNUR.KZ. Бүгін - Қырғызстанда коронавирустан қайтыс болғандарды Ұлттық аза тұту күні, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгін – елімізде коронавирустан қайтыс болғандарды Ұлттық аза тұту күні. Бұл күні барлық қырғызстандықтар коронавирус инфекциясынан көз жұмған адамдардың барлығын еске түсіріп, олардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтады.

Әлемнің барлық елдерін жаулап алған дерт Қырғызстан еліне де көп қайғы әкелді, біз азаматтарымыздан айырылдық. Ауру салдарынан көптеген қырғызстандықтардың ата-анасы, балалары, туыстары мен жақындары дүниеден өтті. Індет елге орны толмас қаза әкелді», - деді Қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков.

Еске салсақ, Қырғызстанда 30 шілде коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды Ұлттық аза тұту күні болып жарияланғаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Қырғызстанда мыңнан аса адам коронавирустан көз жұмды.