"Бұл біздің қолымызда": ДДСҰ басшысы пандемияның қай кезде аяқталатынын айтты

0
564

Сонымен қатар, ол әлем пандемияны жеңу үшін барлық құралды пайдаланбай отырғанын айтты.


ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус адамзаттың коронавирусты жеңетін барлық мүмкіндігі бар екенін, алайда әлем бұл мүмкіндіктерді тиісті деңгейде қолданбай отырғанын айтты, деп жазады 24.kz.

«Әлем пандемияны тоқтатуға нақты шешім қабылдаған кезде, ол аяқталады. Бұл біздің қолымызда», – деді ДДСҰ басшысы.

Сонымен қатар, ол әлем пандемияны жеңу үшін барлық құралды пайдаланбай отырғанын айтты. Гебрейесус ДДСҰ-ның 2021 жылдың аяғына дейін әр елде кем дегенде 40 пайыз халықты иммундау мақсатын еске салды.

Ол вакцинаның жеткізілуін бақылайтын елдер мен компаниялар мәлімдемесі әрекетіне сәйкес келген жағдайда ғана мақсатқа қолжеткізуге болатынын баса айтты.

Ұйым басшысы осы көрсеткішке жеткен елдерді COVAX халықаралық тетігі бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге басымдық берді. Сонымен қатар Гебрейесус пандемияны тоқтату үшін вакциналарға зияткерлік меншік құқығын тоқтату қажет деп санайтынын айтты.