БҰҰ Ресей мен Украинаға үндеу жасады

0
112

Дюжаррик брифинг барысында оқиғалардың “дұрыс емес бағытта” жүріп жатқанын айтты және бұл жағдайды “алаңдатарлық” деп атады.


БҰҰ Ресей мен Украинаға үндеу жасады

фото/ Kamran Jebreili

ERNUR.KZ. БҰҰ Бас хатшысының кеңсесі Мәскеу мен Киевті Украинадағы қақтығысты бәсеңдету үшін “шұғыл шаралар” қабылдауға шақырады, деп мәлімдеді ұйым бас хатшысының өкілі Стефан Дюжаррик, деп жазады sputnik.kz.
Ол Ресей президенті Владимир Путиннің “Орешник” зымыранын сынақтан өткізу туралы үндеуіне және Ресей өз қаруымен Ресей аумағына соққы жасауға рұқсат берген елдердің әскери нысандарына қарсы қару қолдануға құқылы екені туралы мәлімдемесіне осылай пікір білдірді.
Дюжаррик брифинг барысында оқиғалардың “дұрыс емес бағытта” жүріп жатқанын айтты және бұл жағдайды “алаңдатарлық” деп атады. Дипломат шиеленісті деэскалациялау және азаматтық нысандарды қорғауды қамтамасыз ету бойынша шұғыл шаралар қабылдауға шақырды. Ол бас хатшының кеңсесі халықаралық құқық негізінде украин қақтығысын тоқтатуды қолдайтынын айтты.