ДДСҰ басшысы: "Бұл коронавирустың тек бергі жағы ғана болуы мүмкін"

0
901

Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының басшысы әлем елдерін коронавирусқа дайын болуға шақырды.


ДДСҰ басшысы:

ДДСҰ басшысы әлем елдерін коронавирустан сақтануға шақырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ total.kz-ке сілтеме жасап.

Әлемді әбігерге салған 2019-nCoV вирусының таралуы мамандар болжағаннан әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін. Бұл туралы ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Twitter парақшасында мәлімдеді.

ДДСҰ басшысының мәлімдеуінше, қауіпті вирус Қытай жерінде болмаған, өзге ел азаматтарынан табылу дерегі тіркелген. Бұл - инфекцияның өзге елдерде де кеңінен таралып кету мүмкіндігінің басым екенін көрсетеді.

«Қысқаша айтқанда, біз вирустың тек бас жағын ғана көріп тұрған болуымыз мүмкін. Әзірге инфекцияның Қытай елінен басқа жерлерде таралуы сирек кездесуде, алайда алдағы уақытта бұл жағдай қарқын алып, өте тез таралуы мүмкін. Сондықтан әлемнің барлық елдері вирусқа қарсы шараларды қабылдап, барлық жағдайға дайын отыруы керек», - деп ескертеді ұйым басшысы.

ДДСҰ әзірге коронавирусты тиімді емдейтін ешқандай дәрілік заттардың жоқ екенін мәлімдеген болатын. Сонымен қатар вирусты жұқтырғандарға дер кезінде жасалған медициналық көмектің әсер етіп, көмектесетіні туралы да айтылған.