ДДҰ дүние жүзі елдерін қайтадан карантин енгізбеуге шақырды

0
775

Карантинның орнына аурудың алдын алу мақсатында "локализацияланған стратегияларды" қолдануға болады.


ДДҰ дүние жүзі елдерін қайтадан карантин енгізбеуге шақырды

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдеріне коронавирустың тарауын алдын алу үшін және әлеуметтік-экономикалық салдарға байланысты қайтадан карантин енгізбеуді ұсынды. Бұл туралы ДДҰ төтенше аурулар бөлімінің басшысы эпидемиолог Мария Ван Керкхове The Daily Telegraph басылымына берген сұхбатында айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

ДДҰ өкілінің сөзінше, карантинның орнына аурудың алдын алу мақсатында "локализацияланған стратегияларды" қолдануға болады.

Ал наурыздың аяғында 100-ден аса ел карантинді коронавируспен күрес мақсатында қолданылатын қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін қалпына келтіретін уақыт болғанын айтады.

Сондай-ақ маман алдағы жартыжылдықта "қауіпсіз және тиімді" вакцинаны күтудің қажеті жоғын айтады.