Кезек домбыраға келгенде стадиондағы жұрт үдере түрегелді.
ERNUR.KZ. 10 желтоқсанда Нью-Йорк қаласында Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтті. Әдеттегідей, стадионда ине шаншар жер болмады, деп жазады zakon.kz.
Бұл концертке америкалықтар ғана емес, әлемнің 60-тан аса елінен көрермен ағылған. Бруклинде орналасқан стадион сыйымдылығы жағынан әлемдегі ең үлкен сахна болып табылады.
Димаш қазақтың ұлттық әндерінен бастап, бүкіләлемдік деңгейдегі әндерді орындап, көрермендер көңілін жаулады. Концертте бір жанкүйерлер жыласа, бірі "Димаш" деп айғайлаудан танбады. Бұл Димаштың жанкүйерлерінің шексіз махаббатының сипаты болса керек. Ал кезек домбыраға келгенде стадиондағы жұрт үдере түрегелді.
Видеоның 1 минут 55 минутында Димаштың домбырасымен бірге көкке көтерілгенін көре аласыздар.