Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегі вирусы бойынша шұғыл жиналыс өткізеді

0
1 047

Бүгінгі таңда жыл басынан бері маймыл вирусын жұқтырудың 1,6 мың жағдайы тіркелсе, тағы 1,5 мың адам күдікке ілінген.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегі вирусы бойынша шұғыл жиналыс өткізеді

ERNUR.KZ. Ауру жұқтырған 72 адам қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz.

Жалпы, вирус 39 елде анықталған. Бұл вирус алғаш рет маймылдарда 1958 жылы, ал адамдарда 1970 жылы табылған. Маймыл шешегі –Орталық және Батыс Африканың шалғай аудандарында жиі кездесетін сирек жұқпалы ауру. Оның белгілері - жүрек айнуы, безгек, бөртпе, қышу және бұлшықет ауруы.

Аймақтан тыс жағдайлар көбінесе эпидемиологиялық қолайсыз аймақтарға барумен байланысты. Вирус байланыс арқылы таралады, бірақ оның вируленттілігі төмен. Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамдар арасында маймыл шешек вирусының таралуы бойынша жағдайдың пандемиялық деңгейге жетпейтінін мәлімдеген.