Джеки Чан коронавирус жұқтырды деген күдікпен карантинге жабылды

0
841

Ол қатысқан жеке кештердің бірінде болған 48 жастағы полиция қызметкері коронавируспен науқастанған.


Джеки Чан коронавирус жұқтырды деген күдікпен карантинге жабылды

ERNUR.KZ. Осы күндері танымал актердің өзі коронавирус жұқтырды деген күдікпен карантинге жабылды, деп жазады newsroom.kz.

Гонконгтық әртіс қауіпті инфекцияны қалай жұқтыруы мүмкін екені де белгілі болды. Ол қатысқан жеке кештердің бірінде болған 48 жастағы полиция қызметкері коронавируспен науқастанған екен. Демек, бұл кешке қатысқандардың барлығы қауіп төнді деген сөз.

Осыған дейін танымал актер Джеки Чан коронавирусқа қарсы дәрі ойлап тапқан адамға 1 млн. юань беруге уәде берген еді. Бұл шамамен 145000 АҚШ долларына тең қаражат.

«Коронавирусқа қарсы тұра алатын дәрі жасап шығу – ғылым мен технологияның күшіне байланысты деп ойлаймын. Сондықтан, ғалымдардың мұндай дәріні барынша жылдам ойлап табатынына сенемін», - деген еді актер.

Осы мәлімдемесінде Джеки Чан бұл мәселеде ақшаның бірінші орында емес екенін де атап өткен. Ол қаладағы бос көшелерді көргісі келмейтінін, отандастарының бұл аурудан қалай қиналып, жан тәсілім еткеніне қарап тұра алмайтынын да атап өткен.