ЕАЭО-да 2027 жылға дейін көлікке SOS батырмасын орнату талаптары алынып тасталды

0
546

Талаптардың алынып тасталғаны туралы шешім 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін жарамды.


ЕАЭО-да 2027 жылға дейін көлікке SOS батырмасын орнату талаптары алынып тасталды

ERNUR.KZ. Мәскеуде өткен ЕЭК кеңесінің отырысында қазақстандық тараптың ұсынысымен ЕАЭО елдерінің аумағына әкелінетін автомобильдерді шұғыл жедел қызметтерді шақыру құрылғыларымен немесе жүйелерімен (SOS батырмасымен) жарақтандыру талаптары алынып тасталды, деп жазады sputnik.kz.

Талаптардың алынып тасталғаны туралы шешім 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін жарамды.
"Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин басқарған қазақстандық тараптың ұсынысына ЕАЭО-ға қатысушы барлық ел келісті", - делінген хабарламада.
Тиісті өзгерістер Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы шешіміне енгізіледі.
"Мұндай шешім Қазақстанның автомобиль саласының дамуына оң әсерін тигізеді. Көліктердің модельдік желісін кеңейтуге және Қазақстан нарығына жаңа брендтердің келуіне ықпал ететін болады", - деп атап өтті министрлік.
Ведомство бұл талаптар кеден одағының техникалық регламентінде айқындалғанын айтты. Бұған дейін 2024 жылғы 1 ақпанға дейін ЕАЭО елдерінің Т және М санатындағы көліктердің ресми импорттаушылары мен өндірушілері осы міндеттемелерден босатылды.
Министрліктің мәліметінше, мұндай құрылғыларды орнату шығарылған жылына байланысты кедендік тазарту құнының 25%-ін құрайды.