ЕАЭО елдері заңсыз кірістерді жылыстатуға қарсы күреседі

0
427

Еуразиялық экономикалық одақ елдері қаржылық барлау қызметтерінің өкілдері терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі халықаралық шарттарды бірлесіп әзірлеп жатыр.


ЕАЭО елдері заңсыз кірістерді жылыстатуға қарсы күреседі

ERNUR.KZ. ЕЭК қаржы саясаты департаментінің директоры Аркадий Хачатрян заңсыз кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес саласындағы көпжақты ынтымақтастық бойынша ЕАЭО тәжірибесін таныстырды, деп жазады sputnik.kz.

Ол Қытайдың Санья қаласында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі Еуразия тобының 39-шы пленарлық отырысында сөз сөйледі, деп хабарлады комиссия.
Отырыста 2028 жылға дейінгі Еуразия тобының стратегиясын қабылдады, сондай-ақ Ресей мен Қырғызстанның ақшаны жылыстатуға қарсы күрес жүйесін жетілдіру туралы есептерін бекітті.
Хачатрянның айтуынша, Еуразиялық экономикалық комиссияның бұл саладағы негізгі басымдығы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру жұмыстарына бағытталған.
"Біз Еуразия тобымен өзара іс-қимылды жоғары бағалаймыз. Мұндай іс-шаралар аймақтағы қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет. Бұл еуразиялық экономикалық интеграцияның мүдделеріне сәйкес келеді", - деді Аркадий Хачатрян.
Комиссиядағылар форум аясында ЕЭК өкілдері ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер қаржылық барлау бөлімшелерінің басшылығымен одақ аясындағы халықаралық шарттар жобаларын әзірлеуге қатысты проблемалық мәселелер бойынша екіжақты кездесулер де өткізгенін хабарлады.
Еуразия тобы – аймақтағы мемлекеттерге ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жүргізу үшін тиісті құқықтық және институционалдық негіздерді құруға көмектесетін аймақтық топ.
Еуразия тобы құрамына тоғыз мемлекет кіреді, оның ішінде Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей бар. Армения топ қызметіне бақылаушы ретінде қатысады.