ЕАЭО-ға төрағалық ету кезегі Арменияға өтті

0
1 640

Төрағалық аясында бірқатар отырыс пен іс-шара өткізу жоспарланған.


ЕАЭО-ға төрағалық ету кезегі Арменияға өтті

ERNUR.KZ. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Армения Республикасы Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалықты қабылдады, деп жазады sputnik.kz.

Осылайша Армения биыл Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске, Еуразиялық үкіметаралық кеңеске және Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесіне төрағалық етеді.
Төрағалық аясында Мәскеуде ЕАЭО-ның 10 жылдық мерейтойына орайластырылған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы, III Еуразиялық экономикалық форум, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы, сондай-ақ тағы басқа іс-шаралар жоспарланған.
Жақын арада Армения премьер-министрі, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес пен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің төрағасы Никол Пашинянның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларына үндеуі жоспарланып отыр. Онда Арменияның ЕАЭО-ға төрағалығы барысындағы басым бағыттар туралы баяндалады.