ЕАЭО кокос өніміне импорттық кедендік баж салығын алып тастайды

0
432

Қазір кокос жоңқасы үшін салық көлемі 3 пайызды құрайды.


ЕАЭО кокос өніміне импорттық кедендік баж салығын алып тастайды

ERNUR.KZ. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы 2027 жылдың 31 шілдесін қоса алғанда кептірілген кокос жаңғағына (кокос жоңқасына) әкелінетін кедендік баж салығын нөлге дейін төмендету туралы шешім қабылдады, деп жазады sputnik.kz.

"Кедендік тарифтік реттеу шарасы өзіндік құнын азайтуға, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен кондитерлік өнімдердің экспортын дамытуға және олардың сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған", - деді ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев.
Ол табиғи-климаттық жағдайға байланысты ЕАЭО аумағында кокос пальмасы өспейтінін, кокос жаңғағы өндірісі жоқ екенін еске салды. Осылайша, кокос жоңқасына деген қажеттілік толығымен импорт есебінен қамтамасыз етіледі.
ЕАЭО БКТ импорттық баж салығы кокос жаңғағы жоңқаларына қазіргі мөлшерлемесі 3%-ды құрайды.
Шешім ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 30 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кептірілген және ұсақталған кокос жаңғағы (кокос жоңқасы) негізінен кондитерлік өнімдерді өндіруде қолданылады. Импортталған кокос жоңқалары көлемінің 20%-ға жуығы басқа салаларда (парфюмерия, косметика, фармацевтика) тұтынылады.