Эквадор оппозициясы ереуілді тоқтатуға келісті

0
924

Елдегі жаппай ереуіл 3-ші қазанда басталған болатын.


Эквадор оппозициясы ереуілді тоқтатуға келісті

ERNUR.KZ. Эквадор билігі мен оппозиция өкілдері өңірдегі ереуілді тоқтатуға келісті, деп жазады «Хабар 24».

Ел президенті ЛенИн МорЕнонің үнді қозғалысы өкілдерімен жүргізген келіссөздерінде делдал рөлін атқарған БҰҰ өкілі Арно Пеналь тараптардың текетіресті шұғыл аяқтауға келіскенін жеткізді.

Айта кетсек, елдегі жаппай ереуіл 3-ші қазанда басталған болатын. Жергілікті жұрттың қала көшелеріне шығуына жанармайға берілетін мемлекеттік субсидияның берілмей қалуы мен экономикалық реформалар себеп болған еді. Енді мемлекет басшысы субсидияны қысқартудан бас тартып, ереуілді тоқтатуға уәде берді.