Эквадорда зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма? СІМ жауабы

0
598

Эквадор президенті Даниэль Нобоа елде ішкі қарулы қақтығыс басталғанын хабарлады.


Эквадорда зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма? СІМ жауабы

ERNUR.KZ. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, Эквадордағы тәртіпсіздік пен адамдарды кепілге алуға байланысты зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Эквадорда зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ", - деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Еске салайық, 7 қаңтарда 34 жылға сотталған Фито деген атпен белгілі "Лос-Чонерос" қылмыстық тобының жетекшісі түрмеден қашып кеткеннен кейін Эквадорда жағдай күрт нашарлады. Соның салдарынан бірнеше түрмеде тәртіпсіздіктер болған. Ел билігі төтенше жағдай жариялап, коменданттық сағат орнатты.

Кейін Эквадор президенті Даниэль Нобоа елде ішкі қарулы қақтығыс басталғанын хабарлады. 10 қаңтарға қараған түні елде қарулы бандылар бейберекетсіздік жасады.