Бұған дейін ЕО дипломатия басшысы Жозеп Боррел Еуропалық Одақ Украинаға тағы 500 миллион евроның қару-жарағын жіберетінін айтқан болатын.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Еуропалық комиссияның басшысы Twitter-де жазды, деп жазады Экспресс К.
"Еуропалық инвестициялық банк Украинаға арналған 1,59 миллиард евроны мақұлдады. 1 млрд евросы бірден бөлінеді. Бұл қаражат инфрақұрылымдарды қалпына келтіруге және елдегі қызмет түрлерін қайта жандандыруға жұмсалады", — деп жазды Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен.
Бұған дейін ЕО дипломатия басшысы Жозеп Боррел Еуропалық Одақ Украинаға тағы 500 миллион евроның қару-жарағын жіберетінін айтқан болатын.
Ол жарты миллиард евро көлемінде бесінші траншты бөлу туралы шешім ЕО-ға мүше елдердің министрлік деңгейіндегі Украина бойынша байланыс тобының отырысында қабылданғанын айтты.