Францияда "омикрон" штамын жұқтырудың 130-дан астам фактісі тіркелді

0
528

​ДДСҰ-ның айтуынша, бұл штамның кесірінен науқастар саны артып, одан қаза табу фактілері көбеймек.


Францияда

ERNUR.KZ. Францияда "омикрон" штамын жұқтырудың 130-дан астам фактісі анықталды, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, бір апта ішінде елде коронавирусты анықтайтын 10 мың тест өткізілген.

"Бүкіл әлемді "омикрон" штамына қатысты жағдай алаңдаңдатып отыр. Ол "дельтаға" қарағанда жұқпалырақ", – деді Франция министрлер кабинетінің өкілі.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше отырыстан кейін Оңтүстік Африкада табылған жаңа штамды алаңдаушылық тудыратын жайт деп атады. B. 1.1.529 штамына ДДСҰ "омикрон" деген атау берді.Ұйымның айтуынша, бұл штамның кесірінен науқастар саны артып, одан қаза табу фактілері көбеймек.