Францияда өрттен 11 адам опат болды

0
540

Құтқарушылар 17 адамды оттың ортасынан шығарып үлгерді.


Францияда өрттен 11 адам опат болды

ERNUR.KZ. Бүгін Францияның Винценхайм қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған үйден өрт шығып, 11 адам қаза тапты. Жергілікті билік өкілінің мәлімдеуінше, осы өрттен кейін олар байланысқа шықпаған, деп жазады inbusiness.kz.

Мүмкіндігі шектеулі жандар өздігінен жүріп тұра алмайды. Сондықтан жергілікті билік бұл азаматтарды қаза болғандардың тізіміне қосты. Құтқарушылар 17 адамды оттың ортасынан шығарып үлгерді.