Газада Израиль шабуылынан қаза тапқан әйелдің құрсағындағы сәби құтқарылды

0
178

Оны полицейлер, еріктілер мен қала тұрғындары іздестірді.


Газада Израиль шабуылынан қаза тапқан әйелдің құрсағындағы сәби құтқарылды

ERNUR.KZ. Газа секторы қоршауының орталық бөлігіндегі Нусейрат босқындар лагеріндегі әл-Ауда ауруханасының акушерлері Израиль шабуылы салдарынан көз жұмған әйелдің құрсағынан сәбиін аман алып қалды, деп жазады inform.kz.

Тоғыз айлық жүкті әйелдің денесі түнде аурухананың жедел жәрдем бөліміне жеткізілді, деп хабарлады Палестинаның ресми ақпарат агенттігі WAFA.

Шұғыл кесарь тілігінің арқасында сәби аман қалды. Ол перзентханадағы инкубаторға орналастырылды.

Әл-Ауда ауруханасы – 2023 жылдың 7 қазанында Израильдің жаппай шабуылы басталғаннан бері Газаның орталығында гинекологиялық және акушерлік қызмет көрсететін жалғыз медициналық мекеме.