Германияда жүргізуші өртенген көлікті сырамен сөндірген

0
613

Ол тез арада көліктің жүксалғышынан бір қорап сыра алып шығып, оны жанып жатқан көлігіне құя бастады.


Германияда жүргізуші өртенген көлікті сырамен сөндірген

ERNUR.KZ. Сенбі күні түстен кейін Германияның солтүстік-шығысында отбасы: көлікті жүргізген 36 жастағы ер адам және оның әйелі, екі баласы отырған жеңіл көлік автобанмен жол жүріп келе жатты. Кенеттен көлік капоты астынан түтін шыққан. Өртті байқаған жүргізуші дереу жол жиегіне тоқтап, отбасын көліктен шығарып, өрт сөндірушілерді күтпей, өздігінен әрекет етуге шешім қабылдады, деп жазады ҚазАқпарат.

Ол тез арада көліктің жүксалғышынан бір қорап сыра алып шығып, оны жанып жатқан көлігіне құя бастады. Жалынды толығымен сөндіру үшін оған сегіз бөтелке сыра қажет болған.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілерге өрттің салдарын жою ғана қалды. Кейінірек анықталғандай, өрттің шығуына қозғалтқыштағы ақау себеп болған. Өкінішке қарай, көлік жөндеуге келмейді, бірақ ақылды жүргізушінің уақытылы әрекеті автобанға елеулі зақым келуден сақтады.