​Google Финляндиядан 27 млн еуроға жер сатып алды

0
141

Google Финляндияда деректер орталықтарын 2011 жылдан бері басқарып отыр.


​Google Финляндиядан 27 млн еуроға жер сатып алды

ERNUR.KZ. Google өзінің деректер орталығын кеңейту үшін Финляндиядан 27 миллион еуро тұратын жер телімін сатып алды. Бұл туралы бейсенбі күні ел үкіметі мәлімдеді, деп жазады inform.kz.

«Финляндияның орман шаруашылығы басқармасы (Metsahallitus) негізгі деректерді өңдеу орталығы ретінде қызмет ететін солтүстік-шығыстағы Каяани қаласы маңындағы шамамен 1400 га жерді сатуға рұқсат алды. Мұндай ауқымдағы жер мәмілелері Финляндияда сирек кездеседі», - делінген үкіметтің баспасөз хабарламасында.
Google Финляндияда деректер орталықтарын 2011 жылдан бері басқарып отыр. Компанияның Хамина қаласындағы кампусында қазіргі уақытта шамамен 400 штаттық қызметкер жұмыс істеп жатыр», - делінген баспасөз хабарламасында.
2009 жылы Google Хельсинкиден шығысқа қарай шамамен 145 км жерде орналасқан Хамина қаласында Финляндиядағы алғашқы деректер орталығын салды. Биылғы жылдың мамыр айында америкалық технологиялық алпауыт Хаминадағы кампусты кеңейту үшін 1 млрд еуро көлемінде жаңа инвестиция туралы жариялады, бұл алдағы екі жылда жаңа жұмыс орындарын ашуы тиіс, деп хабарлады жергілікті БАҚ.